Текст
24.11.2017 ж. №5 КП «Таңдау» ата-аналар қоғамының қатысуымен тренинг, ойын және жоба жұмысы элементтерімен бүкіл қазақстандық сынып сағаты өткізілді. Оқушыларға Қазақстан Республикасының кез келген елді мекенінен стационарлық немесе ұялы телефондардан балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары, өзге де азаматтарға «111» нөміріне қоңырау шалған кезде шұғыл көмек көрсетілетіні жайлы ақпарат берілді.
Құпиялылығы, қолжетімділігі және тегін болуы – 111 жедел қызметінің үш негізгі принципі. Гимназияның фойесінде сенім телефонының нөмірі ілінді, телефизор экранында сенім телефоны туралы ақпарат беретін видеолар мен презентациялар көрсетілді.