Нұр- Сұлтан қаласында «Көшбасшы педагог-2019» республикалық байқауының марапаттау салтанаты өтті. Аталмаш байқауда № 5 КП «Таңдау» гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габбасова К.И. «Көшбасшы педагог-2019» атағы сертификаты, «Үздік педагог» төсбелгі және Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Құрмет Грамотасымен » марапатталды. Бұл шараның ұйымдастырушы «Халықаралық экология, инженерия және педагогика Академиясы». Сайысқа қатысушылар саны 5126 педагог құрады. Сайыс нәтижесі бойынша жеңіске жеткен педагогтің саны 273. Марапаттау рәсіміне Ы. Атынсарин атындағы ҰБА, «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Марапаттау барысында қазақстандық жұлдыздар мұғалімдерге құттықтау сөз айтып, концерт қойды.