Текст
КП №5 "Таңдау" кітапхана қызметкерлері гимназия оқушыларын Ұлы Кітаппен кездесуге шақырды. "Книги на все времена" кітапханалық сабағында оқушылар кітап тарихымен, заманауи көркем әдебиет авторларымен танысты. Кітаптың рөлі туралы ой қозғап, біз үшін кітаптың маңызы қандай деген сұраққа жауап берді. Іс-шара барысында оқушылар сүйікті автор және сүйікті кітап туралы айтып берді. "Кітап туралы қызықты деректер"атты бейнеролик көрсетілді. Сыныптан тыс оқуға библиографиялық шолу жасалды. Балаларды неміс жазушысы Корнелия Функаның "Чернильная трилогия", "Бесшабашный", украин жазушысы Наталья Щербаның "Часодеи" кітаптарымен таныстырды.