30 қазан күні № 5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясында айтулы оқиға — сүйікті мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді!
02.11.2026
Бұл күн жүрекке жылы естеліктерге, қуанышты кездесулер мен шынайы сезімдерге толы ерекше мерекеге айналды. Туған мектептің қабырғасында әр жылдардың түлектері, ардагер ұстаздар, мұғалімдер мен қадірлі қонақтар қайта қауышты.
Жүз жыл — жай ғана дата емес.Бұл — мыңдаған тағдырлар, жарқын естеліктер, жетістіктер мен мектебіміздің тарихымен мәңгілікке байланысқан өмір жолдары.
Мерейтойды ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқан барша жанға шынайы алғысымызды білдіреміз! Ынтымағы жарасқан ұжымымызға, оқушыларымызға, ата-аналарға, түлектерге, серіктестеріміз бен демеушілерімізге қолдау көрсетіп, көмек қолын созғандары және осы ұмытылмас мерекенің жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлестері үшін зор ризашылығымызды білдіреміз!
Ерекше алғысымызды педагогикалық еңбек ардагерлеріне, мектеп тарихының бастауында тұрған және ұзақ жылдар бойы оның дәстүрлерін сақтап, дамуына үлес қосқан барша ұстаздарға арнаймыз.
Ғасырлық тарих артта қалды, алда — жаңа мүмкіндіктерге, жетістіктер мен жеңістерге толы жаңа ғасыр!
Мерейтойың құтты болсын, сүйікті гимназиямыз!