Текст
11.03.2026
Бүгін педагогикалық ұжыммен «Педагогикалық этика заң аясында» тақырыбында рефлексивті сессия өткізілді. Кездесу барысында педагогикалық этиканың негізгі қағидалары, педагогтың кәсіби мінез-құлық нормалары, сондай-ақ білім беру процесінде заң талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды.
Сессия барысында білім алушылармен және ата-аналармен қарым-қатынас мәдениетіне, педагогикалық әдептілікке, кәсіби жауапкершілікке және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында педагогтер өзара пікір алмасып, тәжірибеде кездесетін түрлі жағдайларды талқылап, кәсіби қызметте этикалық нормалар мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.