"Ақмола облысы  білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі   Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-гимназия №5 "Тандау" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылғы 18 ақпанда математика, физика және информатика пәндері онкүндігі аясында гимназияда жас мамандарға арналған қалалық семинар өтті.

23.02.2026

 Іс-шара тәжірибе алмасу және оқытудағы заманауи STEM-тәсілдермен танысу алаңына айналды. Семинар гимназияның визиттік карточкасынан басталды. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Жексембина В.М. мектеп-гимназия жұмысының негізгі бағыттарын, педагогтердің жетістіктері мен даму перспективаларын таныстырды. Кездесудің гимназияның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында өтуі іс-шараның маңызын арттыра түсті. Сонымен қатар Копп Александра мектеп музейіне экскурсия жүргізіп, қатысушыларды гимназия тарихымен таныстырды. Семинардың практикалық бөлімі мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Филиппи Н.А. мен Шамиганова К.М. жетекшілігімен мұғалімдер практикалық тапсырмалар орындап, модельдер мен түрлі бұйымдар жасап, ғылым, технология, инженерия және математиканы білім беру үдерісіне кіріктіру мүмкіндіктерін көрсетті. Дюсембина Н.З. өткізген мастер-класс ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар тапсырмалар әзірлеуде, қалыптастырушы бағалауда және оқытуды саралауда жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысты. Семинарды Баймуллин Евгений Игоревич өткізген мастер-класс қорытындылады. Жас мамандар физика сабақтарының тиімділігін арттыру үшін цифрлық платформалар мен виртуалды зертханаларды қолдану бойынша практикалық дағдыларға ие болды. Семинар жас педагогтерді инновациялық технологияларды енгізуге шабыттандырып, қала білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст