05.02.2026
10 «В» сыныбында Сартманова С «Қазақтардың ұлттық ойындары» тақырыбында таныстыру материалын дайындады. Қазақтардың ұлттық ойындары мәдени-генетикалық кодтың маңызды бөлігі болып табылады. Олар ғасырлар бойы көшпелі өмірде қалыптасып, халықтың ойлау, құндылықтары мен дәстүрлерін бейнелейді. Асықпен ойнау адамда күшті, ептілікті, меткіштікті және ұжымшылдық сезімін тәрбиеледі. Ойын арқылы тек дене дағдылары ғана емес, қарсыласқа деген құрметі, батылдығы мен жеңіске деген ұмтылысы да берілді.
Сынып оқушылары ұлттық ойындардың тарихын біліп қана қоймай, асықшылармен сайысқа түсті. Бұл қазіргі жастар үшін өте маңызды, себебі ұлттық ойындар қазақ халқының тарихи жады мен мәдени бірегейлігін сақтай отырып, өткені мен бүгіні арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.