"Ақмола облысы  білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі   Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-гимназия №5 "Тандау" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылғы 16 қаңтарда МШГ №5 «Тандау» базасында тарих онкүндігі аясында еңбек өтілі 3 жылға дейінгі жас мамандар — тарих пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өткізілді.

19.01.2026

Семинарға Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 11 жас маман қатысты.

Жұмыс жоспарына сәйкес, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Ермоленко О.А. семинар қатысушыларын гимназияның негізгі қызмет бағыттарымен және оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды. Одан кейін қонақтар үшін гимназияның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында мектеп тарихын айқындайтын экспонаттар қойылған гимназия мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Мұражай жетекшісі Зиборова Н.Л. қызықты деректер келтіріп, гимназия тарихына саяхат жасады.

Семинардың практикалық бөлімі ашық сабақтармен жалғасты. «Құқық негіздері» пәні бойынша ашық сабақты педагог-сарапшы Хасеинова Б.Ж. өткізсе, Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақты педагог-тағылымгер Ермуканова А.Б. жүргізді. Сабақ барысында педагогтер білім беру үдерісінде жасанды интеллект элементтерін қолдану тәжірибесін көрсетіп, бұл семинар қатысушыларының қызығушылығын тудырды.

Іс-шараның оқытушылық және әдістемелік тұрғыдан маңызды кезеңі — сабаққа дайындық барысында мақсат қоюдың маңыздылығы тақырыбында педагог-зерттеуші Джаркина С.М. өткізген коучинг болды. Аталған коучинг семинар тақырыбына толық сәйкес келіп, жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс ұсынып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді және өткізілген іс-шараның практикалық маңыздылығын атап өтіп, оның жас педагогтердің кәсіби дамуына тигізетін пайдасын ерекше атап өтті.

Просмотров: 720


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст