18.09.2025
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында және Отбасы күніне орай плоггинг ұйымдастырылды
Отбасы күніне орай және елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында гимназиямызда плоггинг шарасы өтті.
Плоггинг – бұл жүгіру немесе серуендеу барысында қоқыс жинау арқылы табиғатқа қамқорлық көрсететін пайдалы және заманауи экологиялық қозғалыс. Шараның басты мақсаты – оқушылар мен ата-аналарды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Мектеп оқушылары, ата-аналар мен ұстаздар белсенді түрде қатысып, мектеп аумағы мен жақын маңдағы көшелерді қоқыстан тазартып шықты. Бұл шара отбасылық бірлікті, салауатты өмір салтын және табиғатқа деген сүйіспеншілікті насихаттады.
Плоггинг – бұл тек қана экологиялық акция емес, бұл – отбасы мен қоғамның бірлігін көрсететін тамаша үлгі.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар табиғатқа қамқор болу – әр адамның парызы екенін тағы бір дәлелдеді.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен жанашырлығы үшін алғысымызды білдіреміз!
Таза табиғат — жарқын болашақ кепілі!