Текст
2025 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара барысында Ақмола облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.К. Каппасов №5 көпсалалы «Таңдау» мектеп-гимназиясына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан құттықтау хатын табыс етті.
Хатта 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Таңдау» мектеп-гимназиясы Қазақстанның үздік 100 мектебінің қатарына енгені атап өтілген!!! Бұл — ұстаздар ұжымының, оқушылар мен ата-аналардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Мектеп-гимназия ұжымын жетістіктеріңізбен құттықтаймыз! Алда бұдан да үлкен жеңістер мен табыстар көп болсын!