Текст
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында № 5 «Таңдау» мектеп гимназиясының 5 сынып оқушылары арасында
Ш. Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан ілімінің көкжиегі» атты іс – шара ұйымдастырылды.
29 қаңтар, қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф және саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толып отыр. Оның ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі өлшеусіз.
Шоқан Уәлиханов — қазақ тарихы мен мәдениетінің терең зерттеушісі, әлемдік ғылымға жол ашқан дара тұлға. Оның "Қазақ шежіресі", "Тәңірлік наным", "Қырғыздар туралы зерттеу" сияқты еңбектері қазақ халқының тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін зерттеуде маңызды орын алады.